
Вьетнамның Тхайнгуен қаласында өткен Азия чемпионатында қазақстандық муайтайшылар жалпы командалық есепте екінші орын иеленді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы жарыс барысында 7 алтын, 7 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Медальдар барлық жас санаттары бойынша иеленді — кадеттер, жастар және ересектер арасындағы нәтижелер бірдей жоғары көрсеткішке ие болды.
Бұл көрсеткіш Қазақстан муайтайы дамуының айқын дәлелі саналады. Спортшылардың шеберлігі мен дайындығы ел намысын халықаралық аренада жоғары деңгейде қорғауға мүмкіндік беріп отыр.
Ақмерей Уалиханқызы