
2025 жылдың тамыз айында Астанада өтетін Astana 2025 World Boccia Challenger халықаралық турниріне Қазақстан құрамасынан 10 спортшы қатысады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Спортшылар ВС3 санаты бойынша бақ сынайды. Бұл санатта техникалық көмек пен арнайы құралдар қарастырылған. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 18-орында тұр.
Турнир халықаралық рейтинг ұпайларын жинауға мүмкіндік береді және ірі жарыстарға іріктеу аясында өткізіледі.
Ақмерей Уалиханқызы