
2025 жылдың желтоқсан айында Астанада Astana International Challenge халықаралық бадминтон турнирі өтпек. Бұл жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Турнир Badminton World Federation (BWF) ресми күнтізбесіне енген және қатысушыларға рейтингтік ұпайлар береді. Қазақстандық спортшылар үшін бұл — халықаралық тәжірибе жинап, жеке көрсеткіштерін жақсартуға берілетін мүмкіндік.
Қазіргі таңда ұлттық құрама дайындық жұмыстарын бастап кеткен. Федерация өкілдерінің айтуынша, Astana International Challenge елдегі бадминтон спортын дамытуға серпін бермек.
Ақмерей Уалиханқызы