
Алматы қаласында 2025 жылдың 3–6 шілде күндері аралығында кадеттер мен жастар арасында дзюдодан Азия кубогі өтеді. Қазіргі уақытта жарысқа қатысатын Қазақстан құрамасы толыққанды дайындық кезеңіне кірісті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Турнирге Азия құрлығының бірқатар елдерінен, атап айтқанда, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Моңғолиядан спортшылар келмек. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жалпы саны 700-ден астам жас дзюдошы татамиге шығуы жоспарланған.
Қазақстан құрамасы атынан жарысқа барлық салмақ дәрежелері бойынша қатысушылар тіркелген. Жергілікті жаттықтырушылардың айтуынша, бұл жарыс — тек медаль үшін күрес қана емес, сондай-ақ Азия чемпионаты, әлем біріншілігі және болашақ олимпиадалар үшін маңызды іріктеу алаңы саналады.
Ақмерей Уалиханқызы