
Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы қорғаушысы Ернар Мұсабаевқа миксоидты липосаркома диагнозы қойылды. Бұл – жұмсақ тіндерде пайда болатын сирек әрі қатерлі ісік түрі.
Жас хоккейші қазір Оңтүстік Кореядағы клиникада ем қабылдауға дайындалып жатыр. Ол әлеуметтік желіде алғаш рет көпшіліктен көмек сұрады. Қолдау – әрі моральдық, әрі материалдық тұрғыда қажет. Осы мақсатта арнайы есепшоттар ашылды.
Ернар үшін бұл – өміріндегі ең үлкен күрес. Қолдау білдірем деушілер үшін кез келген көмек маңызды,деп хабарлайды sportbugin.kz