
Қазақстан әйелдер күрес құрамасы Венгрияның Будапешт қаласында өтетін халықаралық рейтингтік турнирге қатысады, деп хабарлайды Sportbugin.kz Қазақстан күрес федерациясының деректеріне сүйене.
UWW (United World Wrestling) ұйымының күнтізбесіне енген жарыс 17–20 шілде аралығында өтеді. Турнир рейтингтік мәртебеге ие, сондықтан жүлделі орын алған балуандарға әлемдік рейтингте ұпай қосылады.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа жеті спортшымен аттанады. Олар:
Светлана Анкичева (50 кг)
Зейнеп Баянова (53 кг)
Нилуфар Райымова (57 кг)
Тыныс Дүбек (62 кг)
Ирина Қазыулина (68 кг)
Жамила Бақбергенова (72 кг)
Эльмира Сыздыкова (76 кг)
Жарыс аясында балуандар өз салмақ дәрежелерінде іріктеу, жартылай финал және финал белдесулеріне қатысады. Турнирге әлемнің түрлі елдерінен мықты спортшылар қатысады деп күтілуде.
Ақмерей Уалиханқызы