
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияда өтіп жатқан ITF W15 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz. Жартылай финалдық матч 27 маусым 2025 жылы өтті.
Құламбаева жартылай финалда Босния және Герцеговина өкілі Суана Тучаковичті 6:0, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл жеңіс Жібекке финалға шығуға мүмкіндік берді.
Турнир Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатыр. Финалдық кездесу 29 маусым 2025 жылы өтеді.
Жібек Құламбаева қазіргі уақытта WTA рейтингінде 306-орында тұр. Бұл турнирдегі сәтті нәтижелері оның рейтингтегі көрсеткішін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ақмерей Уалиханқызы