
Астанада өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан құрамасының алты бірдей боксшысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz. Қыздар арасындағы жекпе-жектерде жерлестеріміз сенімді өнер көрсетіп, енді алтын медаль үшін шаршы алаңға оралады.
🔹 Назым Қызайбай (48 кг) — үш дүркін әлем чемпионы жартылай финалда өзбекстандық қарсыласын сенімді ұтып, финалға өтті.
🔹 Алуа Балқыбекова (51 кг) — бразилиялық Каролин Барбосаны 5:0 есебімен жеңіп, финал жолдамасын еншіледі.
🔹 Виктория Графеева (60 кг) — үндістандық қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, финалға шықты.
🔹 Наталья Богданова (70 кг) — жартылай финалда нигериялық Патрисия Мбатадан айқын басым түсті.
🔹 Надежда Рябец (75 кг) — Түркия спортшысы, әлем чемпионатының күміс жүлдегерінен басым түсіп, финалға жол ашты.
🔹 Елдана Тәліпова (+80 кг) — өзбекстандық Олтиной Сотимбаеваны үшінші рет қатарынан жеңіп, ақтық сынға шықты.
Алтын медаль үшін болатын жекпе-жектер — қазақ қыздарының шын мықтылығын тағы бір дәлелдейтін сәт.
Ақмерей Уалиханқызы