
Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл бұрынғы бас бапкер Алексей Нидің спортшыларға деген көзқарасы жайлы айтты. Бұл туралы журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
«Бірде мынадай жағдай болды. 2011 жылы алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына баратын болдым. Кішкентаймын ғой ол кезде. Негізгі салмағым 63 болғаныман, мені 69 келіге «қуып» жіберді.
Сол кезде командаға спорттық киім таратқанда, бас бапкер Алексей Ни 3 XL өлшемін берген ғой маған!
«Мынау менің өлшемім емес», — деп қарсылық көрсеткенімде: «Бұл саған емес, Зуляға!» деп айғайлап берген.
Негізі, мен спортшылармен жақсы араласамын. Бірақ бапкерлер солай бөлді ғой. Өзіміздің қазақтарды кемсітті. Бәрі өзінің оқушысына тартады», — деді Жаппарқұл.
Жазира Жаппарқұл қазақ қыздары арасынан Олимпиада медалін алған тұңғыш әрі жалғыз спортшы.