
30 шілде — 12 тамыз аралығында Таиландтың Бангкок қаласында World Boxing ұйымдастыруымен бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Бапкерлер құрамы құрлық додасына қатысатын қазақстандық боксшылардың тізімін жариялады.
Ерлер
50 келі: Нұрзат Оңғаров
55 келі: Бексұлтан Боранбек
60 келі: Нұрислам Қалдыбаев
65 келі: Илья Калинин
70 келі: Нұрбек Мұрсал
75 келі: Аман Қонысбеков
80 келі: Санжарәлі Бегалиев
85 келі: Азатбек Жолдасхан
90 келі: Темірлан Мұқатаев
90 келіден жоғары: Нұрасыл Асылхан
Аға бапкер: Бақыт Сәрсекбаев
Әйелдер
48 келі: Гүлназ Бөрібаева
51 келі: Томирис Мырзақұл
54 келі: Сымбат Әлиасқар
57 келі: Виктория Байдукова
60 келі: Әсем Таңатар
65 келі: Аружан Жаңабаева
70 келі: Бақыт Сейдіш
75 келі: Шұғыла Нәлібай
80 келіден жоғары: Әсел Тоқтасын
Бас бапкер: Елдос Сайдалин
Айта кетейік, аталмыш жарысқа 26 елден 400-ге жуық боксшы қатысады.