
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Осетияда жаттығу жиынын өткізуде. Бүгін ол осетиндік балуаннан ірі есеппен ұтылды, деп жазады «Мир борьбы» Telegram арнасы.
«Әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатына Осетияда дайындалып жатыр және оның қаншалықты бабында екені де белгісіз. Бірақ осетиндік жас балуан Алихан Кцоевтен ол ірі есеппен ұтылды. Ал Алихан болса, 9 тамызда өтетін Еуропа чемпионы Алихан Жабраиловқа қарсы кездесуге дайындалуда», — делінген Telegram арнада.
Айта кетелік, Ризабек Айтмұхан 92 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Бүгінде ол олимпиадалық салмақ саналатын 97 келіде белдесіп жүр.