
Германияда студенттер арасындағы жазғы Универсиада ойындары аяқталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 10 қола медаль жеңіп алды. Команда сапынан жалғыз алтынды таеквондошы Самирхон Абабакиров иеленген.
Жалпы есепте Қазақстан командасы 37-орыннан көрінді. Ал Универсиада көшін жапон спортшылары бастап тұр. Олар 34 алтын медальмен бас жүлде иеленді.
Екінші орында Қытай (30 алтын), үшінші орында АҚШ (28 алтын) командалары.