
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатына дайындығы жайлы шағын сұхбат берді. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
«Қазір бәрі ойдағыдай. Емдік шараларды өткізіп, жарақаттарымнан толықтай айығып шықтым. Өзімді тамаша сезінемін, қазір дайындық жұмыстарын жоспарға сай жүргізіп жатырмын. Бапкерлік құраммен бірге әрбір ұсақ-түйекке мән беріп, қарқынды жаттығу үстіндемін.
Әлем чемпионатында бәсекелестік өте жоғары деңгейде болмақ. Мысалы, менің салмағымда оннан аса мықты балуандар бар. Соның ішінде алтауы Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері», — деп бөлісті балуан.
Айта кетейік, биылғы маусымның басты додасы 13-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загреб қаласында өтеді.