
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Төрт топқа бөлінген 36 команданың, оның ішінде, алматылық «Қайраттың» қарсыластары белгілі болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Атап айтар болсақ, 2025/2026 жылғы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Қайрат» төмендегі командаларға қарсы ойнайды:
«Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Лондон, Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Спортинг» (Португалия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания).
«Қайрат» өз алаңында «Реал Мадрид», «Брюгге», «Олимпиакос» және «Пафосты» қабылдайды. Ал «Интер», «Арсенал», «Спортинг» пен «Копенгагенге» қарсы сырт алаңда ойнайды.
Айта кетелік, «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып отыр.