
Болгарияда өтіп жатқан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 60 келі салмақта белдескен Ернұр Батырғали әлем чемпионы атанды. Ол финалда тәжікстандық балуанды жеңіп, алтыннан алқа тақты.
Одан бөлек, 66 келіде сынға түскен Мұхаммедәлі Жылқыайдар күміс медаль иеленсе, Ролан Қайырғали қола медальға қол созды.
Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде қазақстандық Арман Мыса қолаға қол созған болатын.