
Қазақстан құрамасының ең жас боксшысы Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуінде айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келі салмақта сынға түскен Төрехан бірінші жекпе-жекте алжирлік Юсуф Яичемен кездескен болатын.
Кездесудің бірінші раундында 3:2 есебімен Төрехан жеңіске жетті. Екінші раундта төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Яичеге берген болатын.
Үшінші раундта ашуға мінген Төрехан қарсыласын қатарынан екі рет нокдаунға жіберді. Осылайша, ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатын жеңіспен бастап отыр.
Келесі айналымда Төрехан Сабырхан Нидерланд боксшысымен кездеседі.