
Хорватияның Загреб қаласында өтетін күрестен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бүгін Қазақстан күрес федерациясының Бас хатшысы Димаш Сұлтанов әлем біріншілігіне қатысатын балуан қыздарға сәттілік тіледі.
Бас бапкер Қайрат Сағадиев чемпионатта бақ сынайтын құрамды таныстырды. Команда жас және тәжірибелі балуандардан жасақталған.
Әлем чемпионатында әйелдер күресінен сынға түсетін Қазақстан командасы:
50 келі: Светлана Анкичева
53 келі: Зейнеп Баянова
55 келі: Зүлфия Яхьярова
57 келі: Лаура Алмағанбетова
59 келі: Виктория Хусайынова
62 келі: Тыныс Дүбек
65 келі: Бейбіт Сейдуалы
72 келі: Жәмила Бақбергенова
76 келі: Эльмира Сыздықова