
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Дамир Буданбеков Ливерпульдегі әлем чемпионатында сынға түсіп жатқан отандық боксшыларға баға берді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Біздің жігіттер жаман емес. Тек техника жағы ақсап тұр. Бокста техника деген нәрсе үлкен роль ойнайды. Бәрін күшпен аламын деген нәрсені ұмыту керек. Күшпен ештеңе шешілмейді.
Сондықтан, бұл жерде жеке бапкерлердің жұмысы мықты болуы тиіс. Жеке бапкерлер жастайынан шеберлікті үйретсе, өсе келе дағды қалыптасады. Бізде бәріне бас бапкерді кінәлайды. Бас бапкердің кінәсі жоқ! Ол жыл бойы боксшының қасында жүрмейді, жаттығу жиындарында ғана көреді.
Ал жеке бапкерлер үнемі спортшының жанында. Ең үлкен міндет — солардың мойнында. Осыдан 3-4 жыл бұрын өзбек боксшылары тек қара күшке салып, лас бокстасатын. Бүгінде олардың боксы жақсарған, техникалары артқан», — деді Буданбеков.
Фото: Сали Сабиров