
Загребте (Хорватия) өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында қазақстандық Асылжан Есенгелді (61 келі) жұбаныш белдесуіне қатысады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Есенгелді ширек финалда ресейлік Олимпиада және әлем чемпионы Заур Угуевке 13:2 есебімен есе жіберген еді.
Кейін Угуев америкалық жас талант Патрик Форресті жеңіп, финалға шықты.
Осылайша, Асылжан Есенгелдінің жұбаныш белдесуіне шығатын мүмкіндігі пайда болды. Жұбаныш белдесулері ертең өтеді.