
Хорватияның Загреб қаласында күрестен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 70 келі салмақта сынға түсіп жатқан Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Ол турнирді екінші айналымнан бастап, алдымен америкалық Питер Дюкті ұтты. Жартылай финалда мексикалық Аустин Гоместі 10:8 есебімен жеңді.
Бір қызығы, Нұрғожа белдесу барысында 0:6 есебімен ұтылып жатып, жеңісті жұлып алды. Қайпановтың жартылай финалдағы қарсыласы — моңғолиялық Тулға Тимур Очир.
Өкінішке қарай, 86 келідегі Азамат Дәулетбеков ширек финалда француз балуанына мерзімінен бұрын есе жіберді.