
70kg FS - Nurkozha Kaipanov (KAZ)
Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионатының финалына өте алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келі салмақта бақ сынаған Нұрғожа жартылай финалда моңғол балуаны Тимур Очирден жеңілді. Есеп — 2:5.
Осылайша, Қайпанов былтырғы чемпиондық атағын қорғай алмайды. Енді ол әлемдік сынның қола жүлдесіне таласады.
Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен әлем чемпионы (2024), әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2019) және Азия чемпионы.