
Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ боксшысы Төрехан Сабырхан финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келі салмақта сынға түскен Төрехан жартылай финалда ринг қожайыны, ағылшын боксшысы Одель Камарадан басым түсті.
Бірінші раундта қарсыласына есе жіберген Төрехан қалған екі раундта тізгінді қолына алып, қарсыласын өз жанкүйерлері алдында жеңіп кетті.
Осылайша, қазақ боксының тарихында тұңғыш рет ағалы-інілі спортшылар әлем чемпионатының финалында өнер көрсетеді.
Бұған дейін Төреханның ағасы Махмұд әлем чемпионатының финалына жолдама алған болатын. Төреханның финалдағы қарсыласы — жапондық Сеуонретс Оказава.