
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасынаан екінші рет екі дүркін әлем чемпионы шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ливерпульде өтіп жатқан әлем біріншілігінде Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды. Ол финалда моңғол боксшысын айқын басымлықпен жеңді.
Бұл Санжардың әлемдік сындағы екінші алтыны. Бұған дейін ол 2023 жылы Ташкенттегі әлем біріншілігінде топ жарған болатын.
Айта кетелік, бұл бокстан Қазақстан ерлер құрамасының тарихи нәтижесі. Боксшы ерлер арасында екі дүркін әлем чемпионы араға 18 жыл салып шығып отыр.
Соңғы рет 2 дүркін әлем чемпионы атағын 2007 жылы Серік Сәпиев жеңіп алған болатын.
Фото: Сали Сабиров