Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
55 келідегі ақтық сында Махмұд Сабырхан испаниялық Лозано Серраноны 5:0 есебімен жеңді.
Осылайша, Махмұд бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды. Ол өзі қатысқан әлем чемпионаттарының барлығында жүлде алып келеді.
Ол 2021 жылы күміс медаль алса, 2023 жылы алтын алқа таққан.
Фото: Сали Сабиров
