
Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы қола медаль түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Еркін күрестен 61 келі салмақта сынға түскен Асылжан Есенгелді қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орын үшін өткен тартысты белдесуде 18 жастағы америкалық жас талант Патрик Форрестті жеңді.
Белдесу барысында ұтылып жатқан Асылжан соңғы 30 секундта 9:8 есебімен алға шығып, қарсыласынан айласын асырды.
Осылайша, Асылжан Есенгелді өзі қатысқан алғашқы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды.
Асылжанның бапкерлері — Ролан және Еркебұлан Кешубаевтар.