
ZAGREB, CROATIA - SEPTEMBER 13: Nurkozha Kaipanov of Kazakhstan in the 70kg Men's Freestyle Wrestling 1/2 Final during the Senior World Championships on September 13, 2025 in Zagreb, Croatia. (Photo by Kadir Caliskan - United World Wrestling/Getty Images)
Еркін күрестен Қазақстан командасының үздігі Нұрғожа Қайпанов әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
70 келі салмақта қола жүлдеге күрескен Қайпанов молдовалық қарсыласын 13:2 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша, Қайпанов әлем біріншілігінің қола медалін қоржынға салды. Бүгінде Нұрғожа әлем біріншілігінің жүлделер жиынтығын толық жинады.
Ол 2019 жылы әлем біріншілігінің күмісін алса, 2024 жылы әлем чемпионы атанды. Биыл әлемдік доданың қоласын иеленіп отыр.