
Бокстан Қазақстан командасының үздігі Алуа Балқыбекова Ливерпульдегі әлем біріншілігінде топ жарды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әйелдер арасында 51 келіде бақ сынаған Алуа финалда Олимпиада ойындарының екі дүркін финалисті, түркиялық Бусиназ Чакыроглыны төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді.
Алуа бір жылда қатарынан екінші рет әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы. Ол наурыз айында Сербияның Ниш қаласында өткен ІВА әлем біріншілігінде де алтын алған болатын.
Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!
Фото: Сали Сабиров