
Халықаралық “Denis Ten Memorial Challenge” турнирінде қазақстандық Михаил Шайдоров үздік нәтиже көрсетіп, әйгілі ресейлік бапкер Этери Тутберидзенің шекірті Ника Эгадзені артта қалдырды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
1-4 қазан аралығында Алматыда Denis Ten Memorial Challenge” жарысы өтті. 2019 жылы құрылған турнирде әлемдік деңгейдегі үздік спортшылар бақ сынады. Олардың қатарында грузиялық Ника Эгадзе мен америкалық Джейсон Браун бар.
Турнир көрсеткіші :
- Михаил Шайдоров (Қазақстан) — 282,22
- Ника Эгадзе (Грузия) — 266,90
- Джейсон Браун (США) — 257,81
- Ли Си Хен (Оңтүстік Корея) — 242,52
- Чэнь Юйдун (Қытай) — 237,70.
Ресейлік бапкер Э.Тутберидзенің грузиялық шәкірті Ника Эгадзені, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері (топтық сын) Джейсон Браунды 20 ұпайға артта қалдырды.
Еске сала кетейік, Михаил Шайдаров қазір әлемдік рейтингте бесінші орында тұр.
Бишер Дильназ