Күрес түрлерінен Қазақстан ұлттық құрамасында өзгерістер болады. Бұл туралы Sportbugin.kz сайтының сенімді дереккөзі мәлімдеді.
Бізге жеткен мәлімет бойынша, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Әділет Ермаков кіріспекші. Ол бұған дейін жастар командасының аға жаттықтырушысы болған.
Еркін күрестен Қазақстан құрамасына Аслан Байғұлов бас бапкер болады деген мәлімет бар. Байғұлов та ұзақ уақыт бойы жастар командасын жаттықтырған.
Айта кетелік, бұған дейін еркін күрестен ұлттық құраманы Мадияр Құрамысов, әйелдер командасын Қайрат Сағадиев басқарды.
