Грек-рим күресінен әлем чемпионатының бес дүркін жүлдегері Алмат Кебіспаев жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Даңқты балуан Алматы қаласы Шаңырақ шағынауданындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры болып сайланды.
Айта кетелік, 38 жастағы балуан желтоқсанның басында өткен Қазақстан біріншілігінде де бақ сынаған болатын.
Алмат Кебіспаев Азия чемпионатында 6 рет, Азия ойындарында 2 рет жүлдегерлер қатарынан көрінген.
