Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрамалардың алдын ала тізімін жариялады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының сапына сегіз спортшы енді.
48 келі: Әбиба Әбужақынова
60 келі: Шерзод Давлатов
66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
81 келі: Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Айдар Арапов
100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
Айта кетейік, аталған турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.
