Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиевті өзінің орынбасары Дәурен Есімханов соққыға жықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті өзінің орынбасары Дәурен Есімханов сабап тастаған. Есімханов — самбодан әлем және Азия чемпионы.
Келеңсіз оқиға 21 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы Бұқар жырау даңғылында болды. Бізге жеткен сенімді дереккөз мәліметі бойынша, Сәпиевтің орынбасары басшының рұқсатсынсыз құжаттарға қол қойған.
Осы жағдайға ашуланған Серік Сәпиевті орынбасары, самбошы Дәурен Есімханов күрес әдістерімен соққыға жыққан. Дерек бойынша, Сәпиев дене жарақатын алып, костюмі мен көйлегі жыртылған.

Қазіргі таңда денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс тіркелген. Қазір жәбірленушінің алған жарақатын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама жарақаттың қаншалықты ауыр екенін көрсетеді.
Құзырлы органдар істің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Sportbugin.kz редакциясы жағдайды бақылауда ұстайды.
