4-8 ақпан күндері Хорватияда күрес түрлерінен Zagreb Open рейтингілік турнирі өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Аталған турнирге грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали да қатысады.
«Әлем чемпионатынан кейінгі алғашқы жарысым жақындап қалды. Хорватиядағы турнирде уақытша 63 келіде күресемін. Маусым барысында өз салмағыма қайта ораламын. Әзірге, қандай да бір нақты талаптар жоқ», — деді спортшы.
Айта кетелік, Айдос Сұлтанғали 2025 жылы өткен әлем чемпионатында алтын жүлдегер атанған.
