Бокстан Қазақстан құрамасы жылдың алғашқы ресми жарысына қатысу үшін Испанияны бетке алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Ұлттық құрама 3-8 ақпан аралығында өтетін Boxam Elite турнирінде бақ сынайды. Ал оған дейін Бенидорм қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Команданың жаңа бас бапкері Нұржан Насанов Испанияға төмендегі боксшыларды алып кетті:
50 келі: Санжар Тәшкенбай, Нұрзат Оңғаров
55 келі: Махмұд Сабырхан, Бексұлтан Боранбек
60 келі: Серік Теміржанов, Дәулет Молдашев
65 келі: Санатәлі Төлтаев
70 келі: Төрехан Сабырхан, Нұрбек Мұрсал
75 келі: Тимур Нұрсейітов, Аман Қонысбеков
80 келі: Ерасыл Жақпеков, Азамат Бектас
85 келі: Нұрбек Оралбай
90 келі: Сағындық Тоғамбай, Оңталап Рахманов
+90 келі: Айбек Оралбай, Нұрасыл Асылхан
Фото: Сали Сабиров, olympic.kz
