Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфиновтің тағайындалды, деп жазады Sportbugin.kz.
Талғат Байсуфинов 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші рет ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.
Талғат Байсуфинов Қазақстанның бірқатар футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарды, сондай-ақ Қазақстанның жастар құрамасымен жұмыс істеді.
Футболшы ретінде «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарының намысын қорғады.
