Қазақстанда күрестен рейтингілік турнир өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті Еркін Оқасов UWW басшысы Ненад Лаловичпен өткен кездесуден соң мәлімдеген, деп жазады Sportbugin.kz.
Бізге жеткен мәлімет бойынша, рейтингілік турнир 2027 жылы өтуі мүмкін. Себебі, 2026 жылға арналған күнтізбелік жарыс кестесі бекітіліп қойған.
Сондай-ақ, рейтингілік турнирге грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Шәміл Серіковтің есімі беріледі деген ақпарат бар.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2023 жылы Азия біріншілігі өтті. Ал балуандарға ұпай беретін рейтингілік турнирлер бұған дейін ұйымдастырылған жоқ.
