Шорт-тректен Қазақстанның жасөспірімдер командасы АҚШ-та өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік үштікке енді, деп жазады Sportbugin.kz.Ұлттық құрама әйелдер арасындағы 3000 метрлік эстафетада қола жүлдеге ие болды.
А финалында Қазақстан құрамасының намысын Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина қорғады.
Алтын жүлде Оңтүстік Корея спортшыларына бұйырса, Қытай құрамасы күміс медаль иеленді.
