29-30 қаңтар күндері Алматы күрес федерациясының ұйымдастыруымен төрешілерге арналған семинар өтті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«United World Wrestling жарыс ережелерінің 2026 жылғы өзгерістері мен жаңартулары» тақырыбындағы 36 академиялық сағаттық семинар-тренинг қазылар үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды.

Жиынға жалпы есебі 24 төреші, 56 жаттықтырушы, 94 спортшы мен студенттер қатысты. Ал семинарды олимпиадалық дәрежедегі төреші (IS), ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациисының төрешілер корпусының төрағасы Ерік Жұмабеков пен олимпиадалық дәрежедегі төреші (IS), UWW сертификатталған инструкторы, коуч Игорь Лигай өткізді.

Семинар-тренинг аясында тыңдаушылар United World Wrestling жарыс ережелеріндегі соңғы өзгерістерді, төрешіліктің теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын, оқу-жаттығу және жарыс қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгерді.
Жиын соңында «Кәсіби спорт және жекпе-жек» факультетінің деканы Бақытбек Қонақбаевтың ұйымдастыруымен «Спорт төрешісі (грек-рим, еркін және әйелдер күресі)» микроквалификациясы бағдарламасын жүзеге асыру мақсаатында белдесулер ұйымдастырылды.
