2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Алматы қаласы қабылдайды. Бұл турлы Азия Олимпиада кеңесі ресми түрде хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл турнир 2022 жылы Сауд Арабиясында өтуі тиіс болған. Алайда, аталған мемлекет бұл сыннан бас тартқасын, қысқы Азиаданы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.
Қытайлық «Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, 5 ақпан күні Миланда Азия Олимпиада кеңесі мен Қазақстан тарапы ресми құжатқа қол қойып, Алматыны Ақ Азиаданың отаны деп хабарлайды.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан Азия ойындарын 2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өткізген болатын.
