Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев қызметінен кетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады.
Бізге жеткен мәлімет бойынша, Сәпиев пен Есімханов жұмыстан кету үшін өз еркімен арыз жазған.
Әзірге, екі шенеуніктің жұмыстан шығуына қатысты өзге ақпараттар жарияланбады.
Айта кетелік, бұған дейін облыстық спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен орынбасары Дәурен Есімхановтың жұмыс орнында төбелескені туралы ақпарат тараған болатын.
Шенділер ротациялауға қатысты сұраққа қатысты жаға жыртысты.
