1 наурызға жоспарланған Асу Алмабаев пен Брэндон Морено арасындағы UFC 268 турнирінен қазақстандық жауынгер бас тартты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Асу Алмабаев Мехикода жоспарланған UFC кешіне қатыспайды. Бұған спортшының қолын жарақаттап алғаны себеп болған.
«Жағдай осылай, қолдан жарақат алып қалдық. Ұшуымызға 2 күн қалғанда, жарқат айтып келмейді, жекпе-жектен ешқашан бас тартып көрмедім. Кіммен шықсам да қандай жағдай болмасын, дайындық жақсы деңгейде болып жатқан. Болар іс болды, қанша жер тепкілесең де, жәйтті өзгерте алмаймын. Бұл тұжырымда әлі 5 жекпе-жегім бар, жаңа келісім (контракт) ұзартылған, әлі талай қызықты майдан күтіп тұр»,- деп жазды Алмабаев желідегі парақшасында.
Еске салайық, Асу Алмабаев пен Брэндон Морено UFC 268 турнирінде жекпе-жекке шығуы керек болған.
