Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы 2025 жылғы спорт маусымын сәтті аяқтаған аға жаттықтырушыларға құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Атап айтқанда, Қазақстан жасөспірімдер мен жастар құрама командаларының бұрынғы аға бапкерлері Астанада бас қосты.
2025 жылғы спорт маусымында жастарды жаттықтырған Нұрболат Жаңбыров, Жалғас Бекқасымов пен жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған Нұрдәулет Асханов, Ерасыл Қайырбекке Федерация тарапынан елімізде таеквондо спортын дамыту жолында қосқан үлестері үшін алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.
Федерацияның вице-президенттері Айзат Қарашашев пен Сұлтан Қасымов қатысқан кездесуде жаттықтырушылардың жаңа қызметтеріне сәттілік тіледі.
Қазақстан таеквондо федерациясы таеквондо жаттықтырушыларының әрбір еңбегін жоғары бағалайды және жаттықтырушылар статусын қоғамда жоғарылату үшін жүйелі жұмыстар атқаруда.
