Албанияның Тирана қаласында өтіп жатқан күрестен рейтингілік турнирде Ризабек Айтмұхан жартылай финалда сүрінді, деп жазады Sportbugin.kz.
97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек жартылай финалда 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 6 дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевпен белдескен еді.
Өкінішке қарай, әлем мықтысын қарсы Айтмұхан айтарлықтай қауқар көрсете алмады. Есеп — 14:3, Садулаевтың жеңісі.
Енді Ризабек турнирдің қола медаліне таласады.
