Албанияның Тирана қаласында күрес түрлерінен рейтингілік турнир аяқталуға жақын, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл сында Қазақстан әйелдер командасының көшбасшысы Жәмила Бақбергенова топ жарды. 72 келіге дейінгі салмақтағы финалдық сында ол қырғызстандық Нұрзат Нұртаеваны жеңді. Есеп — 14:3.
Айта кетелік, 2025 жылғы әлем чемпионатында Бақбергенова дәл осы қырғызстандық балуан қыздан жеңіліп, жарысты аяқтаған еді. Сол жеңілістің есесі Албаниядағы турнирде қайтты.
Жарыс барысында Жәмила Үндістан, Түркия және Польша балуандарынан басым түскен.
Одан бөлек, 57 келіде белдескен Нулифар Раимова мен 76 келідегі Гүлмарал Еркебаева қола жүлдегер атанған.
