Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан Grand Slam турнирі мәресіне жетті. Өкінішке қарай, қазақ балуандары бұл бәсекеде тұғырға шыққан жоқ, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандық дзюдошылар арасынан ең жоғарғы нәтижені Ерасыл Қажыбаев көрсетті. Аса ауыр салмақта белдескен Ерасыл алдымен Қытай спортшысын, кейін әлем чемпионы әрі Олимпиада жүлдегері, өзбекстандық Музафарбек Туробоевті жеңді.
Алайда, жартылай финалда тағы бір өзбек дзюдошысы Әлішер Юсуповқа есе жіберді. Қола медаль үшін белдесуде әзербайжандық Джамал Гамзатхановқа жол берді.

Гамзатханов осы салмақта бақ сынаған тағы бір қазақ балуаны Еламан Ерғалиевті жұбаныш белдесуінде жеңіп кетті.
Еске салайық, Ташкенттегі Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасы бірде-бір медальға қол жеткізе алған жоқ.
