
30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында World Boxing ұйымының ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеде құрлықтың үздік былғары қолғап шеберлері жүлдеге таласады, деп жазады Sportbugin.kz
Бас бапкер Нұржан Насанов жетекшілік ететін Қазақстанның ерлер құрамасы мына боксшылардан жасақталған:
50 келі — Санжар Тәшкенбай
55 келі — Махмұд Сабырхан
60 келі — Оразбек Асылқұлов
65 келі — Ертуған Зейнулинов
70 келі — Төрехан Сабырхан
75 келі — Сабыржан Аққалықов
80 келі — Ерасыл Жақпеков
85 келі — Нұрбек Оралбай
90 келі — Сағындық Тоғамбай
+90 келі — Айбек Оралбай
Айта кетейік, бұл турнир World Boxing ұйымының ұйымдастырып отырған алғашқы Азия чемпионаты болып саналады.
