
Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, этникалық қазақ Қанат Ислам отандық бокста алғаш рет ресми қызметке тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Sportbugin.kz
Енді Қанат Ислам жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, ұлттық құраманың нәтижесін арттыруға үлес қоспақ.
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев те Қазақстан бокс федерациясы Президентінің боксты дамыту жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Еске сала кетейік, Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінен босатылған еді.
Сондай-ақ бокстан спорт шебері
Самат Адхам U15 және U17 құрамаларының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды.
