
Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов алдағы уақытта маңызды титулдық жекпе-жек өткізеді. Кездесу 28 наурыз күні Тараз қаласында өтетін кәсіби бокс кешінің басты айқасы болмақ, деп хабарлады Sportbugin.kz
Бұл кеште Бекбауов беделді WBC Grandeur Turan белбеуі үшін шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы өзбек бокс мектебінің тәжірибелі өкілі.
Қос боксшы арасындағы жекпе-жек жанкүйерлер үшін тартысты әрі жоғары деңгейде өтеді деп күтілуде.
Аталған кездесу тек титул сарапқа салынатын айқас қана емес, Орталық Азия боксының деңгейін көрсететін маңызды оқиға болмақ. Сарапшылар бұл жекпе-жекті биылғы спорт күнтізбесіндегі ең қызықты кездесулердің бірі ретінде бағалап отыр.
