
Дзюдошы Абиба Әбужақынова жеке өміріндегі маңызды жаңалығымен бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz
Спортшы сүйіктісінің ұсынысын қабылдап, тұрмысқа шығатынын ресми түрде жариялады.
Бұл қуанышты сәтті ол әлеуметтік желідегі парақшасында сақинасын көрсетіп, «Иә дедім» деген қысқа жазбамен жеткізді.
Айта кетейік, Әбужақынова халықаралық ареналарда тұрақты нәтиже көрсетіп жүрген спортшы.
