
Қазақстан таеквондо құрамасы жаңа маусымды жоғары нәтижемен бастап отыр, деп жазады Sportbugin.kz
Қазақстан таеквондо Бас бапкер Есбол Сұлтановтың айтуынша, Болгарияда өткен Bulgarian Open турнирінің деңгейі өте жоғары, оған Еуропаның мықты спортшылары қатысқан.
«Турнирдің деңгейі өте жоғары болды. Еуропаның мықты спортшылары келді. Біздің спортшылар да жақсы өнер көрсетті. Былтырмен салыстырғанда көрсеткішіміз айтарлықтай артты.
Өткен жылы 1 алтын медаль болса, биыл 5 алтынға қол жеткіздік. Соңғы Азия чемпионатында 1 күміс, ал Азия ойындарында 2 қола медаль иелендік. Биыл кез келген жарыста барынша алтын медаль алуға тырысамыз. Қолымыздан келеді деп ойлаймыз», – деді Есбол Сұлтанов.
